"Кітап айналымы"тақырыбындағы көрме.
2026 жылғы 14 қазанда «Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-де «Кітап айналымы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты — оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру, кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу және кітап алмасудың маңыздылығын түсіндіру.Көрме барысында оқушылар кітап алмасу идеясымен танысып, кітаптардың бір оқырманнан екіншісіне өту арқылы білім, қызықты оқиғалар мен пайдалы ақпарат тарататынын білді. Балалар кітап алмасу жаңа шығармалармен танысуға, өздерінің сүйікті кітаптарын өзгелермен бөлісуге және дүниетанымын кеңейтуге тамаша мүмкіндік екенін түсінді.Сондай-ақ оқушылар әрбір кітаптың біреуге шабыт, жаңа білім мен жарқын әсер сыйлай алатынын ұғынды. Өйткені сен бөліскен кітап басқа адамға жаңа әлемнің есігін ашуы мүмкін!