Қазақстан Республикасы күніне арналған 8 сынып оқушылары арасындағы пікірталас
«Батыр Баян атындағы мектеп-гимназия» КММ-де Республика күніне орай 8-сынып оқушылары арасында «Менің Республикам» тақырыбында дебат өткізілді.Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді, азаматтық жауапкершілікті, Қазақстан Республикасының тарихы мен мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ сыни ойлау, шешендік өнер және өз пікірін дәлелді түрде жеткізу дағдыларын дамыту.Дебат барысында сегізінші сынып оқушылары тәуелсіздік, ұлттық құндылықтар, азаматтық борыш және еліміздің болашағындағы жастардың рөлі туралы маңызды мәселелерді талқылады.Қатысушылар белсенді азаматтық ұстанымдарын танытып, сындарлы пікірталас жүргізу, қарсы тараптың пікірін құрметтеу және топпен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.«Менің Республикам» – жай ғана дебат тақырыбы емес, әрбір оқушының Отанға деген сүйіспеншілігін білдіріп, ел болашағына деген жауапкершілігін сезінуге мүмкіндік беретін маңызды шара!