«БІР ЕЛДІҢ МЫҢ ҮНІ» – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ӨНЕР МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!
2026 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы күніне орай «Қызылжар дарыны» орталығының ұйымдастыруымен «Бір елдің мың үні» атты дарынды балалар мен педагогтердің облыстық шығармашылық кездесуі өтті.Аталған іс-шараға «Батыр Баян атындағы мектеп-гимназия» КММ атынан педагог Смағұлов Қайрат Есмұханұлының жетекшілігімен оқушы Дроздов Владислав қатысып, мектебіміздің намысын абыроймен қорғады.Іс-шара қорытындысы бойынша Дроздов Владислав қатысқаны үшін грамотамен, ал оның жетекшісі Смағұлов Қайрат Есмұханұлы оқушыны дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.Владислав пен Қайрат Есмұханұлын шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!Дарынды оқушымыз бен ұстазымызды мақтан тұтамыз!