Образование
22.09.2026
"Әр тамшы маңызды!" тақырыбындағы сынып сағаты
1-сыныпта су үнемдеу мәдениетін қалыптастыру және «Адал Азамат» пен «Таза Қазақстан» бағдарламалары аясында "Әр тамшы маңызды!" тақырыбында сынып сағаты өтті.Оқушылар судың құндылығы, табиғи ресурстарға ұқыпты қараудың маңыздылығы және күнделікті қарапайым әрекеттермен болашақ үшін суды қалай сақтауға болатыны туралы білді.Сабақтың қорытындысы ретінде "Уәделер теңізі" акциясы өтті — әр оқушы суды үнемдеуге өз уәдесін берді.