«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы экологиялық экскурсия
«Батыр Баян атындағы мектеп-гимназия» КММ-де «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Табиғатты аялайық!» тақырыбында саябақтар мен табиғи аймақтарға экскурсия ұйымдастырылды.
«БІР ЕЛДІҢ МЫҢ ҮНІ» – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ӨНЕР МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!
2026 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы күніне орай «Қызылжар дарыны» орталығының ұйымдастыруымен «Бір елдің мың үні» атты дарынды балалар мен педагогтердің облыстық шығармашылық кездесуі өтті.
Қазақстан Республикасы күніне арналған 8 сынып оқушылары арасындағы пікірталас
«Батыр Баян атындағы мектеп-гимназия» КММ-де Республика күніне орай 8-сынып оқушылары арасында «Менің Республикам» тақырыбында дебат өткізілді.Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді, азаматтық жауапкершілікті, Қазақстан Республикасының тарихы мен мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ сыни ойлау, шешендік өнер және өз пікірін дәлелді түрде жеткізу дағдыларын дамыту.Дебат барысында сегізінші сынып оқушылары тәуелсіздік, ұлттық құндылықтар, азаматтық борыш және еліміздің болашағындағы жастардың рөлі туралы маңызды мәселелерді талқылады.Қатысушылар белсенді азаматтық ұстанымдарын танытып, сындарлы пікірталас жүргізу, қарсы тараптың пікірін құрметтеу және топпен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.«Менің Республикам» – жай ғана дебат тақырыбы емес, әрбір оқушының Отанға деген сүйіспеншілігін білдіріп, ел болашағына деген жауапкершілігін сезінуге мүмкіндік беретін маңызды шара!<div>Қазақстанның болашағы – білімді, белсенді және отансүйгіш жастардың қолында!«МЕНІҢ РЕСПУБЛИКАМ» – «МОЯ РЕСПУБЛИКА»</div>
«ТӨЗІМДІЛІК ФЕСТИВАЛІ. МЕН ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ЖЕҢІП, ҚАЛПЫМА КЕЛЕ АЛАМЫН»
2026 жылғы 16 қазанда «Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-де «Психикалық денсаулық – ұлттың саулығы» психологиялық онкүндігі аясында «Төзімділік фестивалі. Мен қиындықтарды жеңіп, қалпыма келе аламын» атты іс-шара өткізілді.Мақсаты: оқушылардың психологиялық тұрақтылығын дамыту, қиындықтарды жеңу және эмоционалдық тепе-теңдікті қалпына келтіру дағдыларын бекіту.Міндеттері: өз эмоцияларын тану, ішкі ресурстарын анықтау, қолдау сұрау және күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар «Эмоциялар», «Дене», «Ресурстар», «Икемділік», «Қолдау» және «Менің келесі қадамым» бағыттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындады.Оқушылар жаттығуларға белсенді қатысып, өмірлік жағдаяттарды талдады, қиындықтарды жеңудің түрлі жолдарын іздестірді және өз күштерін қалпына келтіру үшін қолжетімді ресурстарды пайдалануды үйренді.Іс-шара соңында оқушылар алған білімдерімен бөлісіп, икемділік таныту, өз күшіне сену және қажет кезде көмек сұрау арқылы қиындықтарды жеңуге болатыны туралы қорытынды жасады.Өміршеңдік – қиындықтарды жеңе білу және алға ұмтылу!
«Арқа сүйер адамдар» психологиялық тренингі
«Арқа сүйер адамдар» психологиялық тренингі.Оқушылардың психологиялық әл-ауқатын нығайту мақсатында «Арқа сүйер адамдар» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты — сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, эмоциялық сауаттылықты дамыту және қажет кезде көмек пен қолдау сұрай білуге үйрету.Тренинг барысында оқушылар қиын жағдайда кімге арқа сүйеуге болатыны, жақын адамдарға сенім артудың маңыздылығы және өз сезімдерін дұрыс жеткізу жолдары туралы ой бөлісті.«Стақандағы эмоциялар» атты практикалық жаттығу оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Жаттығу барысында олар түрлі түстер арқылы өздерінің эмоциялық күйлерін бейнелеп, сезімдерін тануға және олардың маңызын түсінуге үйренді.Практикалық тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар өзара көмек, қолдау көрсету және сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын талқылады.Тренингтің негізгі қорытындысы: әр адамның жанында оны тыңдауға, түсінуге және қолдау көрсетуге дайын жандар бар. Ең бастысы — қиын сәтте көмек сұраудан қорықпау және өзгенің де сенімді тірегі бола білу.
"Кітап айналымы"тақырыбындағы көрме.
2026 жылғы 14 қазанда «Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-де «Кітап айналымы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты — оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру, кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу және кітап алмасудың маңыздылығын түсіндіру.Көрме барысында оқушылар кітап алмасу идеясымен танысып, кітаптардың бір оқырманнан екіншісіне өту арқылы білім, қызықты оқиғалар мен пайдалы ақпарат тарататынын білді. Балалар кітап алмасу жаңа шығармалармен танысуға, өздерінің сүйікті кітаптарын өзгелермен бөлісуге және дүниетанымын кеңейтуге тамаша мүмкіндік екенін түсінді.Сондай-ақ оқушылар әрбір кітаптың біреуге шабыт, жаңа білім мен жарқын әсер сыйлай алатынын ұғынды. Өйткені сен бөліскен кітап басқа адамға жаңа әлемнің есігін ашуы мүмкін!<div>Кітап өмір сүріп, қолдан-қолға өтіп, өз оқырманын табуы тиіс!</div>
«СҮЙЕНУГЕ БОЛАТЫН АДАМДАР»
2026 жылғы 15 қазанда «Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-де «Психикалық денсаулық – ұлттың саулығы» психологиялық онкүндігі аясында «Сүйенуге болатын адамдар» тақырыбында психологиялық сабақ өткізілді.Мақсаты: оқушыларға өзара қолдау, сенім және қиын жағдайларда бір-біріне көмектесудің маңыздылығын түсіндіру.Міндеттері: ынтымақтастық, өзара түсіністік, бір-біріне сенім арту және бірлесіп әрекет ету дағдыларын дамыту.Сабақ барысында оқушылар сенім мен өзара әрекеттестікті дамытуға бағытталған қызықты жаттығу орындады. Жұппен жұмыс істей отырып, балалар қарындашты сұқ саусақтарының ұшымен ұстап, оны түсіріп алмауға тырысты.Осы қалыпта бірге отырып-тұрып, қолдарын оңға, солға, жоғары және төмен қозғады.Жаттығу барысында оқушылар серіктесін сезінудің, қимылдарын үйлестірудің, шыдамдылық танытудың және бір-біріне қолдау көрсетудің қаншалықты маңызды екенін түсінді.Нәтижесі:оқушылар белсенділік,ынта және бірлесе жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.Олар өзара түсіністік пен қолдаудың арқасында күрделі тапсырмаларды орындау жеңілдей түсетініне көз жеткізді.Сабақтың негізгі түйіні:жаныңда қолдау көрсететін адамдар болса, қиындықтарды жеңу әлдеқайда оңай!
Балалардың қауіпсіздігі қарапайым ережелерден басталады!
Бүгін балалармен бірге балалар қауіпсіздігі мен жол қозғалысы ережелеріне арналған танымдық сабақ өткізілді. Ойын түрінде және түсінікті форматта балалар бағдаршам түстерінің мағынасын қайталап, жолда жүрудің негізгі ережелерін еске түсірді және көшеде мұқият болудың маңыздылығын талқылады.Сабақ барысында балалар практикалық тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, көрнекі материалдармен жұмыс істеді, бағдаршамды бояды және мына ережені бекітті: қызыл түс — тоқта, сары түс — дайындал, жасыл түс — жүруге болады.Қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын ерте жастан қалыптастыру балаға түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс әрекет етуге көмектеседі. Біздің міндетіміз — балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп қана қоймай, оларды күнделікті өмірде дұрыс қолдануға үйрету.Баланың қауіпсіздігі — ересектердің жауапкершілігі әрі әр баланың меңгеруі тиіс маңызды дағды!
Жеңісіңізбен құттықтаймыз!
17-19 қыркүйек аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Президенттік сынақ түрлері бойынша чемпионаты өтті.
"Ардагерлер аллеясы" челленджі.
«Қамқор» жобасы және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Ардагерлер аллеясы» челленджі өтті.
"Әр тамшы маңызды!" тақырыбындағы сынып сағаты
1-сыныпта "Әр тамшы маңызды!" тақырыбында сынып сағаты өтті.
"Ата-аналармен ашық әңгіме"облыстық ата-аналар жиналысы
3 қыркүйекте "Батыр Баян атындағы мектеп-гимназия" КММ ата-аналары онлайн форматта өткен "ата-аналармен ашық әңгіме" облыстық ата-аналар жиналысына қатысты.